Елордалық полиция бөлімшесінде белорусь-қазақ отбасы қызмет етеді — Қазақстан жаңалықтары

0

Елордалық полиция департаментінде көптеген интернационалдық отбасы қызмет атқарады. Солардың 14 жылдан бері полиция қызметркеріболып жүрген Жгуновтар отбасы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазИнформ басылымына сілтеп хабарлайды.

бірлік күні

Николай Жгун 14 жылдан астам уақыт елордалық полицияда жұмыс істейді. Ол Нұр — сұлтан қаласы полиция департаментінің Сарыарқа ауданының ЖПБ-да жүргізуші-полиция лауазымында қызмет етеді. Николай көп балалы интернационалдық отбасы бар. Николай-белорус, жұбайы Жанна-қазақ.

Жанна 22 жылдан астам уақыт құқық қорқау органдарында полиция-майоры. Ол ХПС ювеналды полиция бөлімінде жұмыс істейді. Қазір бала тәрбиесімен декреттік демалыста.

Жақында олардың отбасында Инсар қызы дүниеге келді. Жас ата-ана асықтай екі ұл, екі қызды тәрбиелеуде. Үлкені — Ислам, 11 жаста, екіншісі Илан 8-де, одан кейінгісі Имран 5 жасар, ал ең кіші Инсарға енді 2 ай болды.

Олардың отбасында мерекелік үстелде әрдайым қазақтың ұлттық тағамдары және картоп құймалары тұрады. Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан Жанна осы уақытқа дейін Белорус асханасының тағамдарын жақсы дайындауды үйреніп алған. Ал Николай қалжыңдап, кейбір мәселелерде ол «қазақша» ойлайтынын айтады. Николоай ет, бауырсақ, сүт шай және қымыз сынды нағыз қазақтар жақсы көретін тағам түрлерін ұнатады.

Николай қазақ тілін жақсы біледі. Балалар екі тілде еркін сөйлейді. Ақмола облысы Қорғалжын ауданында мектеп оқушысы бола тұрып, ол қазақ тіліне қызығушылық таныта бастады, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеді.

Олардың берекелі де кең шаңырағында махаббат пен өзара түсіністік әрдайым бірінші орында. Өйткені құрмет пен махаббат барлық ұлттар үшін ортақ. Олар өз отбасын Қазақстан халқының шағын сссамблеясы деп атайды.

stan.kz