Елордадағы бақта банан мен апельсин өсіп тұр

0

Бұған қоса енді елорданың қақ ортасынан құрма пальмасы, корольдік пальма және ваниль де өнім береді деп күтіліп отыр.

Астанада банан ағашы гүлдеп, апельсин өсе бастады, деп хабарлайды Zakon.kz «Хабар 24» арнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Өткен жылы ғана қолданысқа берілген ботаникалық бақтағы өсімдіктердің бұл алғашқы жемісі. Оның ішінде біздің өңірге таңсық банан, кумкват, ананас, апельсин сияқты экзотикалық жемістер бар. Бұған қоса енді елорданың қақ ортасынан құрма пальмасы, корольдік пальма және ваниль де өнім береді деп күтіліп отыр. Жылыжай қызметкерлері болса бұл жерге қала қонақтары мен тұрғындарының келіп тропикалық өсімдік әлемімен жақын танысуға мүмкіндік жасамақ. Бұнда бас-аяғы 2 мың ағаш өсіріліп жатыр. Арнайы экскурсиялар алдағы көктемде ұйымдастырыла бастайды.

Гүлнар Ситпаева, ботаника және фитожерсіндіру институтының бас директоры:

— Елімізде осындай республикалық деңгейдегі 6 ботаникалық бақ бар. Оның ішінде Астанадағы орталықтың ерекшелігі – заманауи технологиялардың қолданылуы. Соның арқасында өсімдіктерге жайлы климаттық жағдай жасалып, жақсы жеміс алынып жатыр. Енді отандық мамандар осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жалғастыра береді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz