Елордада нәрестенің өмірін өрттен аман алып қалған батырлар марапатталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Сыздықов өрт кезінде ерлік көрсеткен батырларды марапаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

герой

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Равиль Ахмеджанов «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен және Дархан Төремұратов ҚР ІІМ ТЖК төрағасы В.Беккердің алғысхатымен марапатталыпты.

11 қарашада Яблочная көшесіндегі «Керамика» СҚ-да өрт орын алды, жалпы ауданы 70 шаршы метр жеке тұрғын үйдің шатыры, төбе жабыны және жиһазы жанған. Бұл үйде балалары бар отбасы тұрған, балалардың аналары өрт шыққан кезде сыртта болған. Түтінді көріп, аналары үйге жалма-жан кіріп, үлкен баласын құтқарады, қалың түтіннің салдарынан үй ішіне қайта кіру мүмкін болмады. Ал үйде кішкентай сәбиі қалған еді.

герой

Қуанышқа орай, осы уақытта Дархан мен Равиль үйге жақын орналасқан «Бейбарыс» ТК-нің паркингінен кеңсе ішіне көтіріліп бара жатқан еді. Шыны есіктен Дархан саяжай үйінің қатты жанып жатқанын көреді. Еш ойланбастан олар қара түтінге оранып жанып жатқан үйге қарай жүгіре жөнеледі, сондай-ақ «101» және «103» қызметіне хабарлайды.

Д.А.Төремұратов баланың анасынан сәбидің қай бөлмеде жатқанын біліп, жылаған баланың даусын естіп терезені сындырып ішке ұмтылады. Бетті шарпитын ыстық ауаның салдарынан демі жетпей қалады, бірден таза ауаға басын шығарып демалады. Өзінің әріптесі Равильдің бетіне шарфті байлап алғанын көреді де, оның терезе ойығы арқылы ішке кіруіне көмектеседі. Бірнеше минуттан кейін терезе ойығынан бала жатқан бесік көрінді, бесікті анасына беріп, өзінің серіктесінің отқа оранған бөлмеден сыртқа шығуына жәрдемдеседі.

Батырлар ерлік пен батыл іс-әрекеттерінің, дұрыс шешім қабылдай білудің арқасында кішкентай баланың өмірін сақтап қалды.

stan.kz