Елордада ертең музейлерге тегін кіруге болады

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Музейлер сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. 15 мамырда Нұр-Сұлтанда Халықаралық отбасы күні аясында қалалық музейлерге тегін кіруге болады, деп хабарлады Елорда Инфо.

«Сәкен Сейфуллин музейі және Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені Ашық есік күндерін өткізеді. Келем деушілер экспозициялармен танысып, тегін экскурсияларға қатыса алады», — деп жазылған Мәдениет және спорт басқармасының хабарламасында.

Музейлердің жұмыс уақыты: сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.

Мекенжайы: Сәкен Сейфуллин музейі – М.Әуезов к-сі, 20, «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені – Ақмол ауылы, Линейная көшесі, 2Б құрылысы. 



sputniknews.kz