Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық процестегі өзін өзі тәрбиелеу

0

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………..3

І Бөлім Педагогикалық процестегі өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алудың т еориялық негіздері

1.1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алу мәселелері………….6
1.2.Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен
өздігінен білім алу міндеттері мен қызметтері………………………………11

ІІ Бөлім Педагогикалық процесте оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алудың тиімділігін ұйымдастыру жүйесі

2.1 Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен
өздігінен білім алудың ерекшеліктері ………………………………………..1
2.2. Мектепте оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім
алуды ұйымдастыру жолдары …………………………………………………..28

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………..

І Бөлім Педагогикалық процестегі өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алудың т еориялық негіздері
1.1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алу мәселелері

Қалыптасып келе жатқан жеке тұлға тәрбие субъектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады.
Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы тұлғаның іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. Бұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез-құлқындағы кемшіліктерімен іс-әрекетіндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған жоғары маман тұлғасын тек сырт көзден ғана тәртібін, қасиеттерін жасырады. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары студенттік кезеңде жеке тұлға бойынан байқалады.
Жоғары маман иелері өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Тәртібі мен мінез-құлқының пісіп жетілу шағында берік сеніммен адамгершілік мұраттары қалыптасқан болады.
Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты, шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді.
Жас мамандар өз еркін тәрбиелеуге ерекше зейін аударады. Жоғары мектеп мамандары өз білімдерін байыту, өздерінің ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ұмтылады. Мораль мәселелеріне ынтамен қызығады , мінез-құлық мұраттарына ұмтылып, өз тұлғаларының рухани сапаларын дамытады.
Жоғары мектеп мамандарының өз-өзін тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыруы керек: тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік бұйыру, өзіндік есеп беру және т.б.) меңгеруге көмек беру, өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.
Маман тұлғасының өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін оларды адамдар өміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәні, өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы өз жігерінің рөлі жөнінде хабардар етіп отыру қажет. Осылардың арқасында өмірдің күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты, сырттан басқарусыз, дұрыс шешу білігіне ие болады, өз бетімен өзіндік қажырлы еңбегімен ғана жетуге болатынын ұғынады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Өзін-өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі маман иесінің өз тұлғалық сапаларын өзі талдауын мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады.
Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеуге жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің немқұрайлы пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сынау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қорғау салу қажет.
Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге жоғары мектеп маманының бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі.
Мамандарға сөз түрінде берілген: «қажет», «жетеді», «орындау керек», «өзіме бұйырамын» және басқа өзіндік бұйыру еркін жұмылдыруға және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік бұйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын ала дайындық негізінде іс-әрекеті, қарым-қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады. Маман тұлғасының өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық оралымды, икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп отыруы керек.
Алғашқы кезде арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына, өзін-өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді
1.2.Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен өздігінен білім алу міндеттері мен қызметтері

«Тәрбие – баланың қалауына, ынта – ықыласына, қызығушылығына, танымдық белсенділігіне тікелей байланысты. Баланың өз қалауынсыз ішкі белсенділігінсізщ оны жетілдіру мүмкін емес», — дледі О.С.Газман. Педагог балаға оның денсаулығын нығайту, адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру, ақыл-ой, еңбек, көркемөнер қабілеттерін дамыту, өзін-өзі анықтау, жүзеге аыру, ұйымдастыру және ақтау қасиеттерін тұрғызу үшін база болып табылатын жлғарыдағы проблемаларды шешуде қолдау көрсетеді және жағдай жасайды. О.С.Газман шәкірттері балаға өмірлік маңызды проблемаларды шешуде қолдау көресетудің механизмін жасап шығарады. Ол педагог пен мектеп оқушысының өзара байланысты бес жұмыс кезеңінен тұрады:
І кезең (диагностикалық) – проблемалық фактілер мен белгілері жазып алу, болжам жасалынған проблеманы диагностикалау, баламен қарым-қатынас орнату, проблеманы ауызша қою, (оны оқушының өзімен сөйлесу), баланың көзқарасы тұрғысынан бағалау;
ІІ кезең ( іздеу) – баламен бірге проблеманың (қиындықтың) пайда болу себебін іздеу, сырт көзбен қарау («бала көзімен» қарау әдісін қолдану);
ІІІ кезең (келісім жасасу) – бала мен педагогтың өз іс-әрекеттерін жобалауы (проблеманы шешуге қатысты мәселелерді бөліп алу және жауапты болу) қатынастарын жүргізу
ІІ Бөлім Педагогикалық процесте оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алудың тиімділігін ұйымдастыру жүйесі

2.1 Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен
өздігінен білім алудың ерекшелікте

2.2. Мектепте оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алуды ұйымдастыру жолдары

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі тәрбиелеуі маңызды. Өзін-өзі тәрбиелеу — баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі. Ол үшін балада міндетті түрде қоғамдық — әлеуметтік мотив (түрткі) болуы керек.
Оқу — тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету — сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.
Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтуде, құштарлығын және білім сапасын арттыруда олардың бос уақыттарында әдеби көркем шығармаларын оқуының пайдасы көп. Ол үшін оларды жүйелі түрде кітап оқуға дағдыландыру қажет. Сынып жетекшісі мектеп кітапханашысымен ақылдаса отырып, қай оқушыға, қандай кітаптарды оқу қажеттігі туралы кеңес беріп, оны таңдауға, оқу дағдысын игеруіне көмектеседі. Жақсы көркем шығармаларын сынып болып талқылауын ұйымдастырады. Оқушылардың ата-аналарына сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру туралы кеңес беріп отырады.
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары барысында оқушылардың театрға, киноға, мұражай және көрмелерге барып тұрулары мен оның нәтижесін ұжым болып талқыға салуды дәстүрге айналдырудың да маңызы ерекше. Табиғатқа және өндіріс орындарына жорықтар жасап, еңбек және соғыс ардагерлерімен, өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер, кештер ұйымдастырудың да тигізер пайдасы зор. Атақты адамдардың үлгі-өнегесінде тәрбиелеу — оқушылардың сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың басты құралы.
Тұлға- осы кеңістікте мінез-құлық ережелері мен жеке қағидаларын жасау арқылы адамның тіршілік кеңістігіне бақылауды іске асыратын өзіндік инстанция. Тұлға – адамның өз тұрмысын, іс-әрекетін, әлеммен қарам-қатынасын құруының өзіндік заңы. Жеке тұлға – жоғары дәрежеде кіріктірілген үнемі оқу, даму процесінде болатын әлеуметтік жүйе болғандықтан, әлеуметтік педагогтың жұмыс объектісінің бірі – дарынды балаларға білім берудің вариативтік мазмұнын және тұлғаға бағытталған технология негізінде жүзеге асыруға болады.
Жеке тұлғаға бағытталған технология әр баланың жеке-дербес ерекшеліктеріне сәйкес бағытталған оқу мен тәрбиенің тиімді әдіс-тәсілдерін, бала іс-әрекетін ұйымдастыру мен бір-біріне деген қарым-қатынасын өзгертетін психодиагностикалық әдістерді, білім беру мазмұнын, әр түрлі оқыту құралдарын қарастырады: бұл технологияда әр педагогтың балаға дер кезеңде көмек көрсету мақсатына сүйенуге болады. К.Оджерс “педагогтардың негізгі міндеті баланың жеке тұлғалық дамуына көмектесу керек” деп санайды.
Өзін-өзі тәрбиелеу зерттеушілердің пікірінше — өте қиын процесс. Өзін-өзі тәрбиелеу – педагогикалық категория.
Өзін-өзі тәрбиелеудің логикалық құрылымы:
1. Өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттары. Олар қоғамдық мақсаттармен реттеледі және бағыттары да бірдей: саяси-идеялық, адамгершіліктік, кәсіби мамандық, эстетикалық т.б.
2. Өзін-өзі тәрбиелеудің мазмұны мен міндеттері. Олардың іс-әрекеті мен жасалу нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттары анықталады. Ал бұл интеллектуалдық, эмоционалдық және практикалық орта сияқты жеке тұлғаның психикалық қасиеттеріне байланысты.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері. Бұл құралдары және әдістері мен өзін әсер етуінен мақсаты мен нәтижесі шығады. Өзін-өзі тәрбиелеудің ең негізгі құралы – адамның практикалық іс-әрекетінің мазмұны болып табылады.
4. Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижелері. Жеке тұлғада немесе ұжымда өзін-өзі тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерулер.
Өзін-өзі тәрбиелеу құралдары туралы түсінігіне – құлдары, әдістері, мақсаттары, іс-әрекет мазмұндары енеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу құралдары мен әдістері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Саяси – идеялық қасиеттері тұлғаның саяси-идеялық активтілік процесі негізінен қалыптасады (танымдық, эмоционалдық және практикалық активтілігінен); адамгершілік қасиеттері адамгершілік мәселелерді шешу кезінде, адамгершілік ситуацияларда, адамгершілік іс-әрекет жасау кезінде, процесі кезінде дамиды; сәйкес білімдерді қабылдау процесі кезінде кәсіби икем мен дағдының пайда болуы кәсіби іс-әрекеттерді орындау мен сәйкес эмоциялық қарым-қатынастар тәжірибесін жинау т.б.
Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі мен кәсіби тәрбиелеуінің негізгі шарты мен құралы – адекватты шындық (теориялық және практикалық) педагогикалық іс-әрекет болып табылады. Бірақ адамның шын өмірінде дамуы үшін әр түрлі шарттарда жеткілікті.
Өзін-өзі тәрбиелеу кезіндегі оқу жаттығуларын жасау барысында өзін-өзі тәрбиелеу үшін жасанды ситуацияларды қолдану.
Өзін-өзі тәрбиелеудің қосымша құралдарына өнердің әр түрлерімен танысу, мәдениет пен тіршілік түрлерімен танысу. Адамдардың өмірі туралы кітаптарды оқу, мысалы, “Жизнь замечательных людей”. Ол жерде жоғары философиялық, идеялық және адамгершілік дәрежеде адамның қасиеттері көрсетіледі……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!