Домой Жаңалықтар Елордада «бір күндік» жігіттер пайда болды (видео)

Елордада «бір күндік» жігіттер пайда болды (видео)

0
352

Елорда да ерекше қызмет түрі пайда болды. 25 жастағы қала тұрғыны қыздарға ақылы қызмет түрлерін ұсынады, деп хабарлайды кznews.kz сайты «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Жігітке тапсырыс қызметі». Бүгінде желіні жарған хабарлама осы болып тұр. Елордалық тұрғын қыздармен кездесуге барып, романтикалық көңіл күй сыйлап, ұнаған гүл шоқтарын да әкеп береді. Бірақ шығынның барлығын өзіңіз төлеуге міндеттісіз. Қасыңызда еріп жүргені үшін оған да ақы беруге дайын болыңыз. Әлеуметтік желіде қызмет ақысы да жарияланған. Мәселен, сізбен кездескенін қаласаңыз, 13 мың теңге төлеуіңіз керек. Ал бірге фотоға түсу — 5 мың теңге.

Жұмыстан/оқудан жеке алып кету — 10 000 теңге;

Гүл сыйлау- 8000 теңге;

Кездесуге бару -13 000 теңге;

Бірлескен фото – 5000 теңге;

Әлеуметтік желідегі сурет салу — 5000 теңге.

25 жастағы қала тұрғыны бойдақ екенін айтты. Тұрақты жұмысы да бар. Анау-мынау емес, пәтерді жалға берумен айналысады. Ал «Жігітке тапсырыс қызметі» мерекелерде ғана ұсынатын қосымша табысы көзі көрінеді.

Қоғам белсендісі Айша Құрманғали жастардың осындай намыссыздыққа баруының себебі көп дейді. Бірі жұмыссыздық болса, бірі Батыс елдеріне еліктеп кеткенінде деп болжады. Ал джентельменсымақ қызметке дайын екенін айтып, хабарлама жіберуін тоқтатар емес.