Елордада алғашқы тұтынушы газға қосылды

0

Елорданың іргесінде орналасқан «Железнодорожный» елдімекенінің тұрғындарына газ беріле бастады. Бұл туралы «Алматы» ауданының әкімі Бектенбай Есполов мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Железнодорожный» елдімекенінде газбен жабдықтау желіcінің құрылысы толық аяқталды. Былғы жылдың 11 қарашасында алғашқы тұтынушы газға қосылды. Тұтынушыларды кезең-кезеңмен газға қосу жұмыстары басталды», — деп жазды Б. Есполов Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, аудан әкімі алдағы уақытта бас қала маңайында орналасқан басқа да елдімекендерге көгілдір отынның жеткізілетінін айтты. «Ішкі желілерді жүргізген тұрғындарды газға қосу үшін Республика даңғылы 24, «Парасат» бизнес орталығындағы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ кеңсесіне жүгіну қажет.

Сонымен қатар, «Өндіріс», «Көктал-2», «Агроқалашық» елдімекендерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталды, қосалқы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оларды газға қосу осы жылдың желтоқсан айына дейін жоспарланып отыр», — дейді ол.