Елорда тұрғындары әлеуметтік желілерге 125 миллион теңге бөлінгеніне наразы болды. Ақша не үшін жұмсалды? — Қазақстан жаңалықтары

0

Алтай Көлгінов елорданың әкімі болып тағайындалғаннан кейін екі ай өткен соң, Нұр-Сұлтанның қоғамдық даму бөлімі «Dasco DataCom» ЖШС-мен қызықты келісімшарт жасады. 2019-2020 жылдары жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 125 миллион теңгені құрады. Бұл туралы «Время» газеті жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура интернеттің бұғатталуына қатысты пікір білдірді

Компанияға «Елорда әкімдігі мен қаланың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ғаламтор арқылы ақпараттық кеңістікті бақылау» деп аталатын қызметтерге тапсырыс берді.

«Техникалық сипаттамада жәй ғана әкімдікке мониторинг жүргізу жеткіліксіз — оларға бұл аздық етеді. Тапсырыс берушінің «имиджін жылжыту бөлімінде» анық көрсетілгендей: мердігер форумдарда, блогтарда, жаңалықтарды қоса алғанда, халықаралық және қазақстандық ақпараттық-аналитикалық алаңдарда жарияланған негативті басылымдарға жауап қайтаруы керек. Яғни әлеуметтік желілерде … пікір жазуы тиіс! Және кез-келген емес, жағымды пікірлер», — деп жазылған газет материалында.

Құжатта тіпті Facebook, ВКонтакте, Одноклассники, Инстаграм желілері де көрсетілген. Пікірлер саны да ескерілген — айына кемінде мың болуы керек, деп жазады газет.

Dasco DataCom Нұр-Сұлтан билігінің имиджімен, әкімдіктің кез-келген жарнамасымен жұмыс істейтіндігін жоққа шығарды.

Dasco DataCom компаниясы бұқаралық ақпарат құралдарын тек қана қоғамдық-саяси жағдайды және халықтың әлеуметтік көңіл-күйін зерттеумен айналысатындығын, нәтижесінде қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге жедел шаралар мен ұсыныстар жасалатынын айтты. Сонымен қатар, олар әлеуметтік желілерде әкімдік қызметі туралы ақпарат тарату арқылы халықты хабардар ету жұмыстарын жүргізуде.

Компания басшысы Дармен Сәдуақасовтың айтуынша, күн сайын әлеуметтік, инфрақұрылымдық, құқықтық бағыттағы жүздеген сигналдар жазылады, олар мониторинг жүйесі болмаған кезде баяу өңделеді немесе тиісті органдарға жетпейді.

«Мен бір ғана мысал келтірейін. Мониторинг синтетикалық есірткінің таралуы туралы белгі берді. Қоғам үшін күрделі мәселе болды және біз терең талдау жүргіздік, нәтижесінде синтетикалық есірткінің таралуының бірқатар заңсыз көздерін анықтауға көмектестік.

Біз дайындаған аналитикалық материалдар тапсырыс берушіге, содан кейін құқық қорғау органдарына берілді, қылмыстық іс-әрекеттің жолы кесілді. Көптеген тұрғындардың денсаулығы, әсіресе жас буынның өмірін сақтай алдық.

Тағы бір мысал. Әлеуметтік желіде операторлар елорда тұрғындарының бірі жаңбыр кезінде қозғалысқа мүмкіндік бермейтін көршілес ауылдардың бірінде жолдың бұзылғанына шағымданып жатқанын байқады. Бұл ақпарат тез арада қаланың қызметтеріне жеткізіліп, адамдардың мәселесін тезірек шешуге мүмкіндік берді.

Біздің аналитикалық жұмысымыздың негізінде карантин кезеңіндегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсу тенденциясы анықталды. Біз отбасындағы зорлық-зомбылықты азайту үшін алдын-алу шараларын қолдану қажеттілігі туралы ұсыныстар жасадық», — деп түсіндірді Сәдуақасов.

Сәдуақасов Нұр-Сұлтан әкімдігі ақпараттық жүйені дамытуға қаражат жұмсамай, дайын өнімді сатып алғанын баса айтты.

stan.kz