Елорда маңынан жас жігіттің денесі табылды – полиция мән-жайды айтты

0
48

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ер адам 6 қыркүйек күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Полиция «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Елордалық полицейлер екі жұма бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«20 қыркүйек күні сағат 13:30-да полицейлер «Қарқаралы» тас жолының бойынан, «Қосшы» ауылына жақын маңда жоғалып кеткен Ә.Б. есімді жігіттің денесін тапты», – деп мәлімдеді астананың полиция департаментінен.

Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала болжам бойынша, ол тыныс жолдарының асфиксиясынан көз жұмған.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысында бұқасын іздеп кеткен тұрғынның денесі ауыл шетінен табылды

Бұл фактіге қатысты қажетті сот-медициналық сараптама белгіленді.

Қазір Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Елордалық жігіт 6 қыркүйек күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған еді. Оны іздеуге полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды.



sputniknews.kz