Еліміздің солтүстік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0

Кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

«Қазгидромет» РМК 14-15 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан облыстарында болатын дауылды ескертті, деп хабралайды Zakon.kz.

Сонымен, 14 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді деп күтіліп отыр.

Петропавл қаласында 14 наурыз күні оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетеді деп күтіледі.

Ал 15 наурыз күні батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары болады деп күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Сонымен қатар Ақмола және Қостанай облыстарында да дауылды ескерту жарияланды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz