Лувага Кизито қарағандылық «Шахтер» сапында өнер көрсетеді

0

25 жастағы вингер Лувага Кизито маусым аяқталғанша қарағандылық «Шахтер» сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Румыниялық «Политехника Яссы» клубының ойыншысын қазақстандық клуб жалға алды.

Лувага угандалық «Бунамвайя», португалиялық «Лейшойнш», «Спортинг-Ковильян», «Риу Ави», «Фейренсе» және Белорусстің БАТЭ клубтарында ойнаған.



Дереккөз: prosports.kz/kz