Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады — Ел жаңалықтары
Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылатынын ескертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 9 қарашада бірнеше өңірде жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады.
9 қарашада Көкшетауда көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде де көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Өскеменде де жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Семейде жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.