Еліміздегі ең ірі әрі заманауи қойма

0
28 Қараша 2018, 19:29 253 0

Фото: автор

Астана. BAQ.KZ. тілшісі. Бүгін «Қазақстан темір жолы» журналистерге елордадағы «A» класcты көліктік логистикалық орталығының жұмыс барысын таныстырып, мүмкіндіктерін көрсетті.

КЛО Мемлекет басшысының қатысуымен Индустрияландыру күніне орай өткен телекөпір барысында 2015 жылы ашылған болатын. Бұл нысан – қызмет көрсету сапасын арттыру, тауарларды сақтау, жылдам тауар алмасу және ішкі-сыртқы терминалдық жүйе құру мақсатында «Қазақстан темір жолы» мультимоделдік көліктік-логистика орталығының көмегімен салынған.

«Бұл жобаны «Қазақстан темір жолы экспресс» және «Continental Logistics» бірігіп 2014 жылдан бастап қолға алдық. 2015 жылы ресми ашылуы өтті. 3 жыл ішінде жобамен мақтануға болатын көрсеткішке жетті. Қазіргі таңда 500-ден астам серіктестеріміз бар. Оларға әртүрлі тауарларын осында сақтау мүмкіндігі қарастырылған. 400-ден астам тауар түрлері әртүрлі қоймада сақталады. Біз танымал компаниялармен жұмыс істейміз. Оларға KFC, Starbucks, Теxнодом секілді ірі сауда нүктелерін айтуға болады. Оның үстіне қаладағы ең үлкен сауда орталықтары: SMALL, Кең MART дүкендері де біздің қызметті тұрақты қолданады», — дейді Ерлан Шаймерденов Астана КЛО бас директоры.

Орталықтың жалпы аумағы 51 га құрайды. Бұл аумақта 7 нүкте бар. Олар: Ортақ температурамен жабдыққан қоймасы; Арнайы температурамен жаблықталған қоймасы; Контейнерлермен жұмыс нүктесі; Кедендік қызмет көрсететін нүктесі; Фитосанитарлық қызмет; Кедендік қызметті қағаз жүзінде жүзеге асыру нүктесі; КеңMart гипермаркеті.

«Біздің орталық заманауи теxникамен жабдықталған, мүмкіндіктеріде өте көп. Ет-сүт өнімдеріне арналған жеке сақтау қоймаларымыз бар. Жеміс пен көкөніске бөлек қойма, матералдық тауарлаға басқа қоймалар бар. Әр тауардың өз ерекшелігіне байланысты сақтаймыз. Температураны электронды түрде басқарылады. Тағы бір айта кетерлігі, бізбен тек Қазақстанның аймағы ғана емес, шет елмен тауар алмасу жүйесі өте жақсы дамыған. Өздеріңізге белгілі импорт, экспорт кезінде өз ережелері, қағаз жұмысы мен тексерісі көп. Оларға ыңғайлы болу үшін біздің орталықта барлық мемлекеттік мекемелер орналасқан. Мәселен, санэпидемстанция, ветеринариялық тексеріс тіпті, казпочтаға дейін осында. Бұл қызметтің жылдам жүруіне ықпал етеді», — дейді Нұрлан Абибулин Астана КЛО директор орынбасары

Осындай ірі жоба келесі жылы үшінші қала Шымкентте ашылатын болады. Бұл екі компанияға Оңтүстік пен Солтүстік тауарларын тез алмастыруға септігін тигізеді. Сонымен қоса Қазақстанның Батыс аймағында ашылу жоспарланып отыр.

Фото: Аягөз АБЫЛҚЫЗЫ


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ