Елеусіновтен Олимпиадада жеңілген британиялық қарымта сұрады » Vesti.kz

0
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын ұлыбританиялық боксшы Джош Келли (8-0, 6 КО) 2016 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңілісі үшін қазақстандық Данияр Елеусіновтен (5-0, 3 КО) реванш сұрады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар Олимпиаданың 1/8 финалында кездескен еді. Сол кезде Елеусінов оны сеніммен жеңіп, кейін Рио-2016 чемпионы атанған.

«Елеусіновпен реванш кездесу ұйымдастырғым келеді. Ол мені Олимпиадада жеңді, бірақ кәсіпқой боксқа мен сәтті ауыстым. Бұдан артық сәт бар ма? Кейін мұның мәні бола ма? Осы мәселелерді қарастырып, осы жекпе-жекке ұмтыламыз. Бітпеген ісіміздің қалғаны маған ұнайды», – деп мәлімдеді Келли.

Келлидің келесі жекпе-жегі 8 желтоқсанда өтеді, оның қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Аванесян (23-3-1, 11 КО).

Ал Елеусіновке келсек, ол рингке соңғы рет 24 қарашада шығып, никарагуалық Маркос Мохиконы нокаутпен жеңген еді.

Айта кетейік, екі боксшының да промоутері Эдди Хирн. Бұған дейінгі сұхбаттарында Елеусінов Келлимен алдағы уақытта кездесіп қалуы мүмкін екенін айтып қалған.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз