Еліміздегі бірнеше ірі автожолдар жабылды
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық», «Алматы-Өскемен» және «Талдықорған-Қапал» автожолдары жабылды.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысында бірнеше тас жол жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚФ және Алматылық «ҚазАвтоЖол» ФБ ЖШС хабарлауынша, 6-ақпан күні сағат 12.54 бастап, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, көріністің мүлде нашарлауы), «Алматы-Үшарал» (Көктума аул.) (83-184 км), (Достық бекеті) республикалық маңыздылығы бар автожол барлық көлік құралдары үшін жабылды.
Сонымен қатар 6-ақпан күні сағат 15.20 бастап, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, көріністің мүлде нашарлауы), «Алматы-Өскемен» (482-558 км), (Көлбай аул. –Ушарал) республикалық маңыздылығы бар автожолмен жүк көліктеріне жүруге тиым салынды.
Бұдан бөлек, 6-ақпан сағат 09.30 бастап, ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, көріністің мүлде нашарлауы), «Талдықорған-Қапал» (0-45 км) облыстық маңыздылығы бар автожол барлық көлік құралдары үшін жабылды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz