елімізде тағы 63 адамнан коронавирус табылды
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 780 адамға жетті, оның 682-сі дерттен жазылды
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 63 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Нұр-Сұлтан қаласында – 31адам, Алматы қаласында – 1, Шымкент қаласында – 4, Павлодар облысында – 10, Батыс Қазақстан облысында – 6, Жамбыл облысында – 1, Қарағанды облысында – 8, Атырау облысында екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды», — делінген хабарламада.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 780 адамға жетті:
- Алматы қаласы – 848
- Нұр-Сұлтан қаласы – 529
- Қызылорда облысы – 179
- Шымкент қаласы – 171
- Қарағанды облысы – 128
- БҚО – 122
- Атырау облысы – 121
- Түркістан облысы – 109
- Павлодар облысы – 105
- Жамбыл облысы – 105
- Алматы облысы – 97
- Ақмола облысы – 93
- Ақтөбе облысы – 57
- Қостанай облысы – 43
- СҚО – 30
- Маңғыстау облысы – 27
- ШҚО – 16.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 682 адам аурудан жазылды, 25 адам қайтыс болды.
sputniknews.kz