Елімізде оқушы қыздарға қысқа белдемше киюге тыйым салынуы мүмкін
Мектеп формасына қатысты ережелерге өзгеріс енгізілуі мүмкін. Ол қабылданса, оқушы қыздарға хиджабтан бөлек, қысқа белдемше киюге де рұқсат берілмейді деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
Жаңа ережені қазір Білім және Ғылым министрлігі жан-жақты ойластырып жатыр.
Жалпы биылғы оқу жылы басталғалы елімізде 2500 оқушы қыз хиджаб оранатыны мәлім болды.
Олармен тиісті түсіндіру шаралары жүргізілген соң, көп бөлігі ережедегі формаға сай киіне бастаған.
Оған қоса қазақстандықтарға енді бетін бүркемелеп де жүруіне болмайды. Бұл еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады дейді депутаттар.