Айқын келесі тойын екі жанұясымен бірге жасайтынын ашық айтты

0

Айқын Төлепберген Қазақстан телеарнасының «Түнгі студия»бағдарламасына берген сұхбатында бірінші отбасының өзіне деген көзқарасы туралы айтты. Әншінің сөзіне сенсек, алғашқы жанұясы оған еш ренжулі емес деп жазады NUR.KZ.

Айқын өміріндегі келесі тойды екі отбасымен бірге жасайтынын ашық айтты

Фото: Instagram желісі/Жұлдыз Өмірғали парақшасы

Бағдарлама барысында отбасы мен жеке өмірі туралы әдеттегідей ыңғайсыз сұрақтарға тап болған әнші әйелдері туралы айтқысы келмейтінін аңғартты. Дегенмен, ол бірінші отбасының өзіне деген көзқарасы оң екенін де жасырмады.

«Бұл менің сүйікті үшінші ұлым. Есімі Санжар. Ұлдарым туралы, балаларым туралы көп нәрсе айта аламын. Бірақ әйелдерім туралы айта алмаймын», — деп ағынан жарылды.

Оның айтуынша, бірінші отбасының оған деген реніші жоқ.

«Ең бастысы, бірінші жанұя еш ренжулі емес. Бәрі жақсы, өмір сүріп жатырмыз. Бақыттымыз. Бұл — жанұямның бір бөлшегі. Қалған нәрсені мен айтқым келмейді. Алла қаласа, келесі тойды барлық балаларыммен бірге жасаймыз», — деді ол.