Елімізде келесі оқу жылы қандай форматта жүзеге асырылады? Білім министрі айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте мектеп оқушыларының білім алу үрдісі қалай ұйымдастырылатыны жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қашықтан оқыту уақыт талабы екенін түсінеміз. Бұл тақырып үйде білім алатын балаларға, сондай-ақ қыста ауылдық елді мекендерде жол ашылмағанда оқудан қалған балаларға қатысты. Осы орайда түрлі жағдай болып жатады. Сәйкесінше, бұл жағдайларда заманауи технологияларды көмегі тиіп, білім беру процесіне қолдау жасалады. Алайда бұл 1 қыркүйектен қашықтан оқуға көшіруді білдірмейді», — деді білім министрі.

Бұған қоса ол қашықтан оқытудың әлдеқайда тиімді екенін оқушылар да ұстаздар да түсініп отырғанын алға тартты. 

«Білім беру процесі — ол тек ақпарат беру ғана емес. Бұл тұрғыда әлеуметтендіру, балалар арасында өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас, тәрбиелік процесс секілді маңызды мәселе бар», — деп қосты Аймағамбетов.

 

stan.kz