Елімізде халықаралық автобустардың қатынасы қашан жанданатыны белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары
2020 жылы 13 мамырда Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ағымдағы жылғы 5 маусымынан бастап автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жолаушыларды автобустармен тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын ескере отырып әзірленді. Атап айтқанда:
— бағдардың соңғы пункттерінде автобустарға дезинфекция жүргізу;
— жолаушыларды салонға медициналық бетпердемен ғана кіргізу;
— жолаушылар арасындағы кемінде 1 метр қашықтықты ұстану;
— жүргізушілерді қолғаптармен және медициналық бетперделермен қамтамасыз ету, оларды уақытылы ауыстыру (әрбір 2 сағат сайын);
— автопарк қызметкерлерін екі аптада 1 рет СOVID-19-ға теріс нәтиже туралы анықтама болған кезде ғана жұмысқа шығару сияқты талаптар.
Әкімдіктер жолаушылар тасымалы кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуда тиімді болу үшін тасымалдау процесіне қатысушылардың осы алгоритмге сәйкестігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Қазіргі уақытта республикада 313 қалааралық бағыт бар. Оларды 610 автобуспен (сыйымдылығы 45-55 орындық III санаттағы автобустар) 88 тасымалдаушы кәсіпорын атқарады.
Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолиямен халықаралық бағыттарды жаңғырту туралы шешім бұл елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қабылданады.
stan.kz