Қазақстанда бір тәулікте 450 адамнан коронавирус табылды

0
40

Республикада коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 10 382 адамға жетті. Өткен тәулікте өсім 4,5 процент болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 450 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы өсім 4,5% болғанын хабарлады.

Өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 89 (4,8%),
  • Шымкент қаласы – 51 (6,7%),
  • Атырау облысы – 44 (4,5%),
  • Қарағанды облысы – 41 (5,2%),
  • Алматы қаласы – 37 (1,5%),
  • Батыс Қазақстан облысы – 36 (6,6%),
  • Ақтөбе облысы – 34 (11,2%),
  • Қостанай облысы – 29 (21,3%),
  • Алматы облысы – 23 (7,1%),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 17 (17,5%),
  • Қызылорда облысы – 16 (4,8%),
  • Түркістан облысы – 10 (2,8%),
  • Павлодар облысы – 8 (4,1%),
  • Маңғыстау облысы – 7 (3,2%),
  • Жамбыл облысы – 5 (1,4%),
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 3 (5,9%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 10 382. Індеттен 5057 адам жазылып шығып, 37 адам көз жұмды.

Вирус жұқтырған кейбір адамдар неге ауруханаға жатқызылмайды – министр жауабы 



sputniknews.kz