Елімізде баю үшін немесе өзгенің жолын жабу үшін балгерлердің магиясына жүгінетіндер көбейген – Қазақстан жаңалықтары

0
219

Бай болғыңыз келсе, бақсы-балгерді жағалаңыз. Біздің қоғамда осы бір түсінікті ұстанып, материалдық жағдайын көтергісі келетіндер қатары аз емес екен. Сөздеріне сенсек, ірі кәсіп иелері, табысты жандар балшылармен жиі ақылдасуды әдетке айналдырған.

Елімізде баю үшін немесе өзгенің жолын жабу үшін балгерлердің магиясына жүгінетіндер көбейген

Сонда адамды әп-сәтте байлыққа кенелтетін қандай күш? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Материалдық деңгейін бақсы-балгерлердің көмегімен көтергісі келетіндер көбейді бұл күнде. Бұрын бай-манаптар бақталасын жолдан тайдыру үшін киллер жалдаушы еді. Қазір қара магия жалдау деген трендте-тұр. Мұндайды естігенде бірден сену қиын әрине. Алайда, қоғамда тіркеліп жатқан түрлі мистикалық оқиғалар басқа амал қалдырмайтындай. Оның үстіне сиқырдың бар екенін шариғат та жоққа шығармайды.

Тілші досының суретін сынау мақсатында өзін балгер санайтындарға апарып көрсетті.

Жарып тұрған жарнамасына қарай тәуіптердің тәуірі болар деп бір балгерді интернеттен іздеп таптық. Біздегі жоспарға сай таспагер ағам Тілектес бүгін менің жолдасым. Сонымен, айтылған мезетте айтылған жерге жеттік.

«Сізді көре алмайды! Осы уақытқа дейін сіз нені қаласаңыз соны алып келдіңіз! Қазір, оңайлықпен келмейді! Жолыңызды жауып тастаған!», – деді балгер.

Мына сөздерді естіп күлкі қысқаны рас енді! Себебі, ес білгелі маған ешқашан, ештеңе оңайлықпен келмепті тегі! Жарайды, бұл да өтірік дейік! Жолымызды жаптыға сенейік! Ендеше, қарымтасын қайтарсақ қайтеді?

– Енді не істейміз? Жолын жабайық деп келетіндер бар ма?

-Әрине, бірақ мен жаппаймын! Оны қара магиямен айналысатындар істейді! Жарнаманы оқыдыңыз ғой! Мен ақ магиямен айналысамын тек!

Алайда, бұл магия біткеннің бәрі қоғамға зиянсыз дегенді білдірмесе керек. Егінбаевтер әулетінің әңгімесін тыңдап шошыдық.16 жыл бұрын Майра есімді азаматша осы үйдің отағасын дуалап,  отбасынан ажыратып алған көрінеді.

«Бұның дуа екенін өзінің туған шешесі Қасымхан әжеміз  95 жасқа кіріп жатыр. Сол кісі осыдан он жыл бұрын ертеректе айтқан. Әкеңді бір дуалап осындай бір қылды ғой. Күмәнім жоқ. Айналайынау о заманда бұ заман, қазіргі сиқырдың түрлері көбейген. Черный магиядан бастап басқа да қылып жатқан адамдар көп. Сондықтан да осылай  соның құрбаны болып жатыр да», – дейді дуаландв деген азаматтың ұлы Мұхаммед Егінбайұлы.

Жалпы, мұндайды естігенде адам екіұдай пікірде қалатыны рас. Бірақ, ақиқат неде болса біреу енді. Ақ, қарасын қайдам, ал магия деген пәлекеттің бары анық.

«Сиқырдың бар екені Құранда да ашық келген! Негізі Бақара сүресінде шайтандар адамдарға сиқырды үйретіп, кәпір болды деген!». – дейді ҚМДБ Шариғат және фәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлиев.

Ал, мұндай зұлымдыққа кімдер барады өзі?

«Негізі тәуіптерге, балгерлерге жүгінетін адамдар кризис уақытында жүгінеді! Кризис дегенің дағдарыс деп қарастырылады ғой! Адамның өзінің өмірінде дағдарыстар болады. Ол мысалы ажырасу процесінде, басында ауыр қиындық туындаған уақытта! Қарыз туындаған уақытта, немесе белгілі бір мақсатқа жету бағытында жүгінетін уақыттар болады!», – дейді психолог Ақгүл Молдабекова.

Есіңізде ме, осы бұрында кәсіпкерлер, я байлар, бәсекелесін жолдан тайдыру үшін киллер жалдаушы еді ғой?

Қазір, ол модадан қалған. Өйткені, жаза бар. Қазіргі тренд маг жалдау. Ендеше, бұл жағында, неге заңмен қарастырмасқа?

«Шындығында бұл менің өзімнің түсінігім бұл алаяқтық қылмыстарға жатады. Неге десеңіз  алаяқ адам басқа біреуден бір жаңағыдай алдап, алдап-сулап, өтірік айтып ақша алатын кезде ол өзінің өтірік айтып тұрғанын, өзінің қылмысқа барып жатқанын біледі. Ал дәл біздің жағдайда кейбір адамдар өзінің ерекше бір тылсым күш иесі екендігін болмаса бір сиқырменен адамның өміріне оң жағынан әсер ете алатынына өзі сенеді», – дейді заңгер Абзал Құспан.

Десе де, заңның жазасынан құтылсаңыздағы, ардың жазасынан тайқып кете алмайсыз-ау!

«Әрине ол бұл дүниеде де, ақыретте те ол несібеден құр қалған адамдар! Яғни оның зардабы Алла тағаланың қаһарына ұшырайды! Қиямет күні ол тозақы болады дегендей! Құдай сақтасын одан аулақ болу керек!», – деді Бауыржан Әбдуәлиев.

Әйтпесе, күнәһарға бір кіріп шығамын деп, күнәнің көкесін көріп жүрерсіз!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz