Назарбаев Алматыға келді

0

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 26 наурыз түсте Алматыға ұшып келді деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Алматы әуежайында президентті студенттер тобы қарсы алған. Ресми орындар Назарбаев сапарының мақсаты туралы әзірге хабарламады.

20 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетін тоқтатты. Ол қазір «Нұр Отан» партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

23 наурызда Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойған.

Azattyq