Еліміз бойынша ең жоғары жалақыны кімдер алатыны анықталды


Астана, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында жалақы өскенін жариялады. Соған орай ең жоғары жалақы алатын мамандық иелері белгілі болды.
Сонымен ең жоғарғы жалақы алатын мамандар:
Теңіз және жағалау жүк көлігі — 683 234 теңге (100,8% өткен тоқсанда, 99% өткен жылдың сәйкес тоқсанында),
Еңбекпен қамту — 563 449 (109,4%-113,1%),
Су көлігі — 560 818 (101,4% – 97,2%),
Басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру — 505 020 (108,2%-95,2%),
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет — 499 228 (112,4%-116,2%),
Құбыр желісі бойынша тасымалдау — 472 658 (121,7% – 115,8%),
Әуе жолаушылар көлігі — 417 865 (96,8% – 114,8%),
Әуе көлігі — 414 931 (97,1% – 114,5%),
сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда — 378 930 (128,9%-160%),
Сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету — 374 188 (86,9-136%).
Ал керісінше, қоғамдағы ең төмен жалақы алатын сала мамандары:
Жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату — 51 438 тенге (79,3% өткен тоқсандықта),
Аквамәдениет — 58 378 (өткен тоқсанда 104,6%, өткен жылдың сәйкес тоқсанында – 150%),
Мектептке дейінгі білім беру — 62 373 (92,1%-101,1%),
Бірге тұрып әлеуметтік қызмет көрсету — 78 314 (97,6%-103,9%),
Бастауыш білім (бірінші сатысы) — 80 381 (85,7%-113,2%),
Бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету — 80 899 (99,7%-101,3%),
Тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету — 87 734 (105,2% -107,8%),
Білім беру — 97 482 (84,6%-107,9%),
Жоғары білім — 149 784 (90,6%-117,7%),
Ветеринарлық қызмет — 98 236 (108,8%-101,4%).
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміз бойынша ең жоғары жалақы алатын өңірлер туралы жазған болатынбыз.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ