Елдің төрт аймағында қарлы боран кесірінен жолдар жабылды

0

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында боран және жол дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазавтожол»-дың мәлімдеуінше, бұл аймақтарда автокөліктің кез келген түрімен жолға шығуға болмайды.

Ақмола облысы бойынша:

  • Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында: Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін.

Ақтөбе облысы бойынша:

  • Самара-Шымкент тас жолы: Белогорка ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін;
  • Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай тас жолы: Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін.

Қостанай облысы бойынша:

  • Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай тас жолы: Ақтөбе облысының шекарасынан Рудный қаласына дейін;
  • Денисовка-Жітіқара-Муктыкөл тас жолы: Денисовка ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін;
  • Қостанай-Әулиекөл-Сурған тас жолы: Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы бойынша:

  • Самара-Шымкент автожолы: Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін.

Штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда жүргізушілерден 1403 нөміріне қоңырау шалу сұралады.

3 қаңтарда сағат 8.00-ден бастап желдің күшеюіне және нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы автожолы (1003-1247 км), Астана-Атбасар учаскесі көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сондай-ақ, Өскемен-Семей (10-198 км учаскесі), Өскемен-Алматы (971-1068 км учаскесі, Қалбатау ауылы- Қасым Қайсенов кентіне бұрылыс) жолдары жабылды.