«Елдегі ұлтшылдыққа демеушілік ететін жасырын күштер бар» — Қуат Хамитов

0
57

Қазақстан спортшысы Қуат Хамитов Инстаграм желісіндегі парақшасында елдегі соңғы жағдайларға байланысты жазба жариялады. Ол қоғамдағы дау-жанжал тудыратын күштердің бар екенін жеткізді.

«Менің бір байқағаным, соңғы уақытта елдегі ұлтшылдыққа сырттай демеушілік жасайтын бір топ бар. Олар қоғамда алауыздық тудырады.
Менің ойымша,
Патриот — бір адамның басқаны көзі немесе құлағы қисық болғаны үшін ұратын, жек көретін адам емес;
Патриот — ешкімді қорламайды, кемсітпейді;
Патриот — халқымыз тыныш әрі бақытты болу үшін қолдан келгенгің барлығын істейді» — деп жазды.

Фото:  kuat_khamitov инстаграм парақшасы