«Елдің мұңын өзінікіндей көретін»: Ақпарат министрі Бейсен Құранбек туралы — Қазақстан жаңалықтары
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева танымал тележүргізуші, журналист Бейсен Құранбектің отасына көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Елімізге белгілі журналист, халқымыздың аяулы ұлы Бейсен Құранбектің қазасы баршамызға ауыр тиді. «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған тележүргізуші, елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқор болған жомарт жүректі азамат бақиға аттанды. Марқұмның отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», — деп жазды Аида Балаева өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең танымал журналист Бейсен Құранбектің көз жұмғаны белгілі болды.
stan.kz