Елдің екі аймағында коронавирус жұқтырғандар табылмады — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның екі аймағында коронавируспен ауыратын жаңа науқастар тіркелген жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өткен тәуліктің (8 маусым) ресми статистикасына сәйкес, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында COVID-19 жаңа оқиғалары тіркелген жоқ.
Жалпы, 8 маусымда республикада коронавирустың 215 жаңа жағдайы анықталды. Өсім 1,7 пайызды құрады. Бәрінен де Нұр-Сұлтан (42) және Қарағанды облысында(41) көп.
Елімізде барлығы 13 074 науқас анықталды, сауығып кеткен пациенттердің саны 7737 адамға дейін артты. Өлім жағдайлары — 58.
stan.kz