«Әлемдегі пандемия жағдайы нашарлап барады» – ДДСҰ басшысы – Қазақстан жаңалықтары

0
1
Advertisement

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус коронавирустың әлемде таралуына байланысты жағдай нашарлап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тедрос Гебреисус

«ДДСҰ 7 миллионға жуық COVID-19 оқиғасы және 400 мыңға жуық өлім туралы хабарлады. Еуропадағы жағдай жақсарғанымен, әлемде ол нашарлап жатыр. Өткен 10 күннің 9-ында 100 мыңнан астам COVID-19 тіркелді. Кеше 136 мыңнан астам оқиға туралы хабарлаған едік», – деді Гебрейесус.

Оның айтуынша, 136 мың жағдайдың 75 пайызы 10 елге, негізінен Америка мен Оңтүстік Азия елдеріне тиесілі.

«Африкалық аймақтың көптеген елі COVID-19 оқиғаларының өсуін әлі күнге дейін атап өтіп жатыр. Бұл осы аймақтағы елдердің көпшілігінде 1000-нан аз жағдай тіркелгеніне қарамастан. Сондай-ақ, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның кейбір бөліктерінде көбейіп жатқандығын байқап отрмыз», – деді Гебрейесус.

Оның айтуынша, бірқатар елде жұқтырудың төмендеуінде оң сигналдар байқалады.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 6 931 000-ға жетті, 400 857 адам көз жұмды. Бір күнде әлемде 136 405 жаңа инфекция жағдайы анықталды.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз