Елді жаңылдырдым: Абаев Ұлттық қордың қаражатына қатысты айтқан сөзі үшін кешірім сұрады — Қазақстан жаңалықтары

0

Дәурен Абаев алғашқы брифингтердің бірінде ұлттық қордың қаражаты пайдаланылмайтынын айтып, қазақстандықтарды байқаусызда жаңылдырғанын мойындады.

«Кешірім сұраймын», — деді Абаев.

Ол Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы көлемі 4 трлн теңгені құрайды деп еске салды.

«Бұл шығындар республикалық бюджеттен 2,1 трлн теңге көлемінде және инфрақұрылымдық облигациялар үшін қаражат жинау есебінен қамтамасыз етіледі», — деді Абаев.

Бұл ретте ұлттық қордан кепілдендірілген трансфер 1 трлн 825 млрд теңгені құрайды.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ұлттық қордың қазіргі кезде 27 трлн теңге жинақталғанын, жыл сайынғ 2,7 трлн теңге алынатынын хабарлаған. 

Бұған дейін министрдің 42500 теңге жәрдемақыны қалай алуға болатыны жайлы жариялаған жаңа ережелерін хабарлаған едік. 

stan.kz