Елде коронавирустан тағы үш адам көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары
Өткен тәулікте коронавирус індетінен үш науқас көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмдар туралы: Шымкент қаласында -1956 жылы туған ер адам, Павлодар облысы — 1935 жылы дүниеге келген әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласы — 1959 жылы туған ер адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустан көз жұмған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша COVID-19-дан барлығы 44 адам қайтыс болды.
stan.kz