Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Одақ мемлекетке қосылуды жоспарламайды» – Қазақстан жаңалықтары

0
53

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне қосылуды жоспарламайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

«Бізде Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне қосылу жоспары жоқ. Басым бағыт – аталған ұйымдар аясындағы интеграцияны одан әрі дамыту», – деді Тоқаев.

Ол Қазақстан үшін ЕАЭО-ның экономикалық одақ ретінде әлеуетін нығайту үлкен қызығутынын мәлімдеді.

«2025 жылға қарай жалпы энергетикалық, қаржы нарықтары құрылады. Сандық өзара іс – қимыл перспективалы бағыт болып табылады», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ол, сонымен қатар, Қазақстан азаматтары үшін Ресей «ең жақын мемлекет болды және солай болып қалады» деп атап өтті.

stan.kz