Елбасы Жарлығымен үздік қызметкерлерге мемлекеттік наградалар берілді

0

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытуда үздік жетістікке жеткен қызметкерлерді ҚР мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Zakon.kz ХАА құжат мәтінін оқырман назарына ұсынады.

***

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Бәйменова Құралай Базарбайқызы — «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы — «Шәушен» ШҚ басшысы, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы Соловьева Алина Робертовна — «А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Шымкент қаласы.

2.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 5 желтоқсан

№ 798

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/