Ел аумағындағы неліктен әскери техникалардың қозғалысы басталды?
Ел аумағындағы әскери техникалардың қозғалысына қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді. Ведомствоның айтуынша полигондарға оқу-жаттығу жиыны өткізу үшін әскери техникалар бет алғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты.
Әскерлерді тексеру жаттығулары 4-сәуірде басталған.
Полигондарда тактикалық, түнгі уақытта ату бойынша оқу-жаттығулар өтетінін болады.
Бөлімшелердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, әскери қызметкерлердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің қоластындағы әскерилерді және бекітілген бөлімшелерді басқару қабілеті бағаланады.
«»Бөлімшелер сәуір айында әскери техникамен, темір жол көлігімен полигондарға ауысып, онда практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері бақылау тексерісі шеңберінде Маңғыстау облысындағы полигондарға күштер мен құралдарды жіберуді жүзеге асырады», — делінген хабарламада.
«Қарулы Күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексерілуге жатады. Әскери техниканың қозғалысы, жеке құрамның қозғалысы әскерлердің жауынгерлік даярлығы үдерісімен байланысты. Жауынгерлік оқу іс-шаралары жоспарланғандай жүзеге асырылды», — деді Қорғаныс министрлігі.
(Фото: military-informant.com)