Алматы тұрғыны героиннің аса ірі партиясымен ұсталды

0

Алматы тұрғыны героиннің аса ірі партиясымен ұсталды, – деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы  24.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 39 жастағы С. есімді азаматты есірткі сақтады деп күдіктенді. Ол Алматы қаласы Жетісу ауданында орналасқан базар маңында жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды. — Жеке тінту кезінде күдіктіден екі полиэтилен байламы табылды, оның ішінде ақшыл түсті ұнтақ және түйіршіктер түріндегі ерекше иісі бар зат тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол есірткіні белгісіз ер адамнан сатып алған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат аса ірі мөлшердегі есірткі героин болып шықты, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

(Фото ашық ақпарат көздерінен алынды)