Екібастұзда жұмысшы биіктіктен құлап кетіп, омыртқасын сындырды
Қысқа сілтеме алу
Қырық жастағы ер адам 6-7 метр биіктіктен құлады, еңбек инспекторлары оқиғаның мән-жайын тексеруді бастады
ПАВЛОДАР, 8 маусым – Sputnik. Екібастұзда салынып жатқан нысанда жұмысшы биіктіктен құлап кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.
Қапановтың мәліметінше, 40 жастағы ағаш ұстасы-бетоншы стационарлық баспалдақпен көтеріліп, шамамен 6-7 метр биіктіктен құлаған.
«1980 жылы туған ер адамға мойын омыртқасы жарақаттанған және омыртқа жотасы қысылып сынған деген алдын ала диагноз қойылды», — деді басқарма басшысы.
Қазіргі уақытта еңбек инспекторлары жазатайым оқиғаның мән-жайын тексеруге кірісті, деп хабарлады ведомство.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында ерлі-зайыпты балконмен бірге құлап кетті — видео
sputniknews.kz