Екібастұзда жолаушылар автобусы 8 жасар баланы қағып кетті

0

Павлодар облысында жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 25 қараша күні сағат 14:42-де музыкалық мектепке қарсы жолда «Вольво» маркалы №6 маршруттық автобусының 40 жастағы жүргізушісі 2013 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Оқушы жолды реттелетін жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған зардап шегуші жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», — делінген ПД хабарламасында. Автобус арнайы айыптұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр.