Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Боралдайда жолаушылар автобусы мен пойыз қағысып қалды

Боралдайда жолаушылар автобусы мен пойыз қағысып қалды
Фото: ашық дереккөздерден

Алматы облысы аумағындағы Боралдай кентінде пойыз бен қоғамдық көлік қағысып қалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға теміржол өткелінде болған. Тиым салынған дыбыстық белгіге қарамастан жолдан өтпек болған автобусты пойыз соғып өткен. Оқиға салдарынан алты адам әртүрлі деңгейде жарақат алды.

- Жол-көлік оқиғасы Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы бағытындағы учаскеде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз өткел арқылы өтіп бара жатқан кезде маршруттық автобус жүргізушісі жол бермей, соқтығыс орын алған. Апат салдарынан алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Алматы облысының полициясы.

Құзырлы орган оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.