Екібастұзда жасөспірімдер 3-сынып оқушысын соққыға жығып, видеоға түсірген

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жүрегі әбден шайлығып қалған бала бір жұмадан бері сабаққа бармай жүр. Ал жергілікті білім басқармасы бұл жағдайды жасырғысы келген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Павлодар облысының Екібастұз қаласында өз мектебіндегі қыздарды қызғанған жоғарғы сыныптың оқушылары 3-сынып оқушысын ұрып кеткен. Онымен қоймай, әрекеттерін видеоға түсіріп, жеткіншекті әлеуметтік желіге жүктейміз деп қорқытыпты.

Жүрегі әбден шайлығып қалған бала бір жұмадан бері сабаққа бармай жүр. Ал оның ата-анасы жергілікті білім басқармасы бұл жағдайды барынша жасырғысы келгенін айтып отыр, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

6-сынып оқушылары қыздарымызды ренжіттің деген желеумен көрші мектептің 3-сынып оқушысын соққыға жыққан. Жалғыз өзін ұстап алған бұзақылар тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлепті.

Әлімжеттік көрген балақай қатты қорқып қалған. Оқушының анасы болса, білім басқмасындағылар бұл мәселені жылу жауып қойғысы келетінін айтады. Осы уақытқа дейін бұзақылардың ата-аналары кешірім де сұрамағанына қапалы.

«Ең сорақысы қламызда бізге көмектесетін адам табылмай отыр, балам қатты күйзеліске түсті. Міне, төртінші күн далаға шығуға қорқады. Ұлымды жалғыз өзім тәрбиелеп өсірдім. Бұл жағдайға құзырлы органдардың назар аударғанын қалаймын», — дейді зардап шеккен оқушының анасы Шолпан Әбетова.

Ал мәселемен жақсы таныспыз деген білім басқармасындағылар бұзақылық жасаған балалардың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіпті. Мектеп директоры мен оның орынбасарларына сөгіс жарияланған. Алдағы уақытта қос тарапты татуластыру жұмыстарын жүргізбекші.

Тағы оқыңыз: Қостанайда оқушы қыздың әкесі мұғалімнің жағын сындырды 

«Кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссия құрылды. Онда балалардың іс-әрекеті зерделенді. Бүгінгі күні 33-ші мектеп директорына қатысты «тәртіптік» сөгіс жарияланды. Одан бөлек, сынып жетекшісіне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, әлеуметтік қызметкерлерге де сөгіс жарияланды», — дейді Екібастұз қаласы білім басқармасының басшысы Жазира Хамзабаева.

Қалалық ювеналды полиция өкілдері мұндай жағдайды жылы жауып қоюға болмайды деп отыр. Сондықтан бұзақылық жасаған оқушылардың ата-аналарының әрқайсына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын мәлімдеді.    



sputniknews.kz