Екі сынама теріс болды: Қорғаныс министрлігі Маңғыстауда коронавирустан көз жұмған әскеридің өліміне түсініктеме берді — Қазақстан жаңалықтары
Маңғыстау облысында кеше коронавирустан алғашқы өлім тіркелді. Науқас 40 жастағы әскери қызметкер болған. 13 сәуірде ауырып жүргенін айтқан, алайда 23 сәуірге дейін коронавирус қатысты барлық сынақтар теріс нәтижені көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әскери қызметші Маңғыстау облысы қарулы күштерінің әскери бөлімдерінің бірінде қызмет өткергені және дезинфекциялық жиынтық топ құрамында 25 наурыздан 13 сәуірге дейін Ақтау қаласындағы объектілерді өңдеуге қатысқаны белгілі.
«13 сәуір күні кезекті дезинфекциялық іс-шаралар аяқталғаннан кейін әскери қызметші басшылыққа қызба мен тамағы ауруы мазалайты туралы хабарлады, содан кейін ол 14 сәуірде тұрғылықты жері бойынша Мұнайлы ауданының емханасына жүгінді, ол жерде жұмыстан босатылып, «Жіті фарингит» диагнозымен амбулаториялық ем тағайындалды», — деді ҚК бас әскери-медициналық басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев Tengrinews.kz-ке.
Емдеу курсы аяқталған соң, 20 сәуірде әскери қызметші қайта тексерілуге барған. Дәрігерлер жоғары температураны анықтап, қосымша тексеру жүргізген. Кеуде қуысының шолу рентгенографиясы екі жақты бронхопневмонияны көрсеткен.
Емхананың учаскелік дәрігерінің ұсынысы бойынша әскери қызметші үйіне жіберілді. Үйде оған жедел жәрдем шақырған соң облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы базасындағы провизорлық госпитальға жеткізілді.
«20 сәуірде әскери қызметшіден коронавирусқа алғашқы ПТР-талдау алынды. Нәтиже теріс болды. 22 сәуірде ПТР-талдау қайта жүргізілді, РНҚ нәтижесіне сәйкес коронавирус анықталмады. 24 сәуірде әскери қызметші жағдайының нашарлауына байланысты үшінші рет ПТР-талдау алынды. Бұл жолы нәтиже оң болды», — деді Ошақбаев.
Ер адам 24 сәуірде көз жұмды.
Медициналық мамандардың қорытындысы бойынша, өлім жіті тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігінің нәтижесінде болды. Бұдан басқа, бұрын әскери қызметкер артериялық гипертензиямен ауырған.
Ошақбаев Қарулы күштерде жеке құрамның денсаулығын қорғау үшін қатаң санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар сақталатынын атап өтті. Күн сайын міндетті орындағаннан кейін дезинфекция тобының жеке құрамы медициналық тексеруден өтеді. Моншада жуыну ұйымдастырылады. Киім-кешек, жабдықтар мен техника дезинфекциялық өңдеуге тапсырылады. Әскери қызметшілер таза іш киім, стерильді қорғаныс комбинезоны және жеке қорғану медициналық құралдарын алады.
«Әскери қызметші қауіпті инфекциямен күресудің алдыңғы қатарында жүріп, қойылған міндеттерді адал орындады. Алайда, жеке құрамның денсаулығын қорғау бойынша қабылданған шараларға қарамастан, ол жұқтырғандардың қатарында болды. Қорғаныс министрлігі туған-туыстарына көңіл айтады. Әскери қызметшінің отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Заңға сәйкес біржолғы ақшалай өтемақы төленеді», — деді ол.
Бұған дейін Маңғыстау облысында әскери қызметкердің коронавирустан көз жұмғаны хабарланды.
stan.kz