Майк Тайсон рингке оралуға шешім қабылдады

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Аты аңызға айналған 53 жастағы боксшы қайырымдылыққа қаражат жинау мақсатында қайта рингке оралғысы келеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон қайырымдылық жекпе-жегі үшін рингке қайта оралғысы келеді.

«Мен қазір жаттығып жатырмын, рингке қайта шыққым келеді. Бірнеше жекпе-жек өткізуді жоспарлағандықтан, спорттық дайындықты қолға алдым. Төрт раундтық қайырымдылық жекпе-жектер өткізуге мүмкіндік беретін бабымда болуды қалаймын. Ақша тауып үйсіздер мен есірткі тәуелділігіне ұшырағандарға көмектескім келеді», – дейді боксшы.

Темір Майк рингке соңғы рет 2005 жылы маусым айында Макграйдпен шығып, жеңіліске ұшырады. Бұл оның кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегі болды.

«Өткен аптада ғана рингте жаттығу өткіздім. Өте ауыр болды әрі қатты шаршадым. Мен қайырымдылық жекпе-жегін ұйымдастырып, физикалық қалпымды жақсарта аламын деп ойлаймын», – деді Тайсон.

Оқи отырыңыз: Майк Тайсон бокс тарихындағы ең ұлы боксшыны атады

Айта кетейік, ол кәсіпқой мансабында 50 рет жеңіске жетіп (44 КО), алты рет жеңілген.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз