Екі мектепте мұғалімнен құрт ауруы анықталды. Жаңалықтарға шолу

0

2025 жылға қарай Түркістанға 5 млн турист келеді

Өткен жылдың 9 айында киелі өлкеге келген туристерден облыс қазынасына 1 млрд-тан астам қаражат түскен. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға артық болып отыр. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының хабарлауынша, облыстағы туризм саласының тарихи-мәдени, мінәжат ету, экологиялық және емдік-сауықтыру бағыттары бойынша әлеуеті жоғары.

Яндекс болашақтың технологиясын жасайтын қазақстандық ғалымдар арасында бәйге жариялады

Іздеу жүйесінің негізін қалаушылардың бірі Илья Сегалович атындағы ғылыми сыйақы жас зерттеушілер мен ғылыми қауымдастықтарды қолдауға бағытталып отыр. Сыйақы компьютерлік ғылымдар саласында жетістіктерге жеткен студенттер, аспиранттар мен олардың ғылыми жетекшілеріне беріледі.

Байқауға қатысу туралы өтінім ақпанның аяғына дейін қабылданады. Алғашқы марапаттау шаралары биылғы жылдың сәуір айында болады. Лауреат атанған студенттер мен аспиранттарға 2 млн теңге көлемінде, ал ғылыми жетекшілеріне одан екі есе көп, 4 млн-ға жуық сыйақы табысталады.

Қазақстан – Қытай шекарасы 2 ақпаннан бастап жабылады

Себебі дəл осы кезден бастап 10-шы ақпанға дейін Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесі тойланады. Бұл аралықта Қытай-Қырғыз шекарасы да уақытша жабылады. Қытайда жаңа жыл — 2000 жылдан бері тойланып келе жатқан үлкен мереке саналады.

Екі мектепте мұғалімнен құрт ауруы анықталды

Астанада екі балабақшада қатар жұмыс істеген ағылшын тілінің мұғалімі жөтелге шағымданып, дәрігерлерге барған. Тиісті тексеруден кейін оған туберкулез деген диагноз қойылған. Дәл осындай ауру Елордадағы №80 мектептің мұғалімінен де анықталды. Олар қазір ем алып жатыр. Бұл оқу орындарының басшыларына әкімшілік жаза қолданылады. Оқу орындарының бəрінде тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.

Көктайғақта көлікпен жүру қауіпті

Алматы қаласы әкімдігінің жасыл экономика басқармасы калада көктайғақта алматылықтарға көлікпен шықпауды сұрады. 31 қаңтар күні таңертең қалада жаңбыр жауып, арты таулы жерлерде көктайғаққа ұласқан. Көлікпен жүрген қала тұрғындарына барыншы жылдамдықты азайтып, өзге көліктермен арақашықтықты ұстап, оқыс қозғалыс жасаудан аулақ болуға кеңес береді.

Дэвис Кубогі әлемдік тобының бірінші раундына арналған жеребе тарту рəсімі өтті

Астанада болатын сайыс Александр Бублик пен Жоао Соуздың жекпе-жегімен басталады. Одан кейін Михаил Кукушкин мен Педро Соуз шығады. Келесі күні ойынның бірден үш туры өтеді. Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин, Жоао Соуз және Гастао Элиаспен сайысады. Ойынның жаңа ережесіне сай егерде ерлер құрамасы жеңіске жетсе ақтық сынға жолдама алады.

ҚазақстандықБАҚ не жазды:

Inform.kz: Қызылордадан Түркияға тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл қызметті «B&K Aero» авиакомпаниясы Boeing 737 әуе кемесі арқылы атқаратын болады. Ол аптасына бір мәрте қатынайды. Әуе көлігі екі аралықта 4 сағат 40 минуттай ұшады. Чартерлік рейс биылғы маусым айынан бастап жүргізіледі.

Baq.kz: Ауқатты қазақтандықтар қандай көліктерді сатып алады? 2018 жылы еліміздегі Luxury санатындағы көліктердің саны 330-ға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47%-ға жоғары. Өткен жылы қалталы қазақстандықтардың басым бөлігі Bentley және Maybach көлігін сатып алған.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Facebook | Instagram | Telegram