7 САНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

0


Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып

: Оқушыларды 7 санының құрамымен таныстыру. 7-нің мұсылман елдерінде қасиетті саналатыны туралы түсінік беру.

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: 7 САНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Математика пәні 1 сыныпСабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 санының құрамымен таныстыру. 7-нің мұсылман елдерінде қасиетті саналатыны туралы түсінік беру.білімділік: 7-ні қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыруға, сандарды салыстыруға үйрету.дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс — әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін, ой — өрісін дамыту. Танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау, есептеу дағдыларын қалыптастыру.тәрбиелік:Білімге деген құштарлықтарын арттыру, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.: Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын, көрнекілікСабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздарСабақтың барысыҰйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.І Психологиялық дайындық.4 – слайд: Сабаққа біз даярмыз Жалқаулықты қоямыз Үздік оқып әрқашан Кілең бестік аламыз Балалар бүгінгі математика сабағымыз ерекше өтеді , өйткені «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері бізде қонақта .Ертегіні еске түсіріп,бүгінгі тапсырмаларды орындап ,бауырсақты құтқаруға көмектесетін боламызЕртегі қалай басталады , кім бастап береді ?Ертегіні бір оқушы бастайды Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты.Бір күні шал кемпіріне:Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші- дейді.-Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын?- депті кемпірі.— Әй кемпірім-ай! Сен қамбаны сыпырып, қалған – құтқан ұн да жиналып қалар-деді шалыКемпір қарияның айтқанын істейді: қамбаны сыпырып, қалған-құтқан ұнды жинап алады. Ұнды қаймаққа илеп, бауырсақ жасайды. Балалар әжеміздің бауырсағы дайын болғанша өткен тапсырмаларды еске түсіріп көрейікІІ. Өткенді қайталау Сұрақ –жауап — 7 санын қалай шығарып аламыз?— 7 саны қай сандардан артық?— 7 саны сандар қатарында қай саннан кейін келеді?Үй тапсырмасын тексеру :ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Үйге берілген 7 саны және цифры тақырыбы бойынша сұрап шығу 0-ден 7-ге дейін оңға және кері санату. Өтілген сандар құрамын анықтау.Балалар ертегіміз ары қарай не болды екен , тыңдап көрейікЕртегіні екінші оқушы жалғастырадыПешін жағын, табасына майын құйып, бауырсақты пісіруге қояды. Көп, аз уақыт өткені белгісіз, үй ішін тәтті нан иісі алып кетеді.Бауырсақ – тегіс, домалақ, сырты қызарыңқырап әдемі болып піседі. Шал оны бірден жегісі келеді, бірақ бауырсақ өте ыстық еді. Кемпір бауырсақты суытуға терезе алдына қояды. Балалар әжеміздің бауырсағы суып болғанша жаңа сабақпен танысайықІІІ Жаңа сабақ Бүгінгі сабағымызда осы 7 санының құрамымен яғни 7 саны қандай сандардың қосындысы екенін білетін боламыз.

1 ) Оқулықпен жұмыс1 тапсырма6 ара 1 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 6 + 1 = 75 ара 2 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 5 + 2 = 74 ара 3 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 4 + 3 = 72 – тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.Қызыл кесінді 7 см. Көк кесінді 6 см.7 см >6 смБалалар ертегіміз ары қарай не болды екенЕртегіні үшінші оқушы жалғастырадыБір өзі жатып-жатып жалыққан бауырсақ жерге түсіп, жерден шөпке, шөптен жолға түсіп әрі қарай домалай жөнеледі,домалай жөнеледі.Бір кезде оған Қоян жолығып:— Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.— Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін:Мен бауырсақ, бауырсақ, Қаптың түбін қағып ап,Апам екі уыс ұн жинап, Қаймақ қосып шылап,Ыстық майға қуырып, Терезеге қойып суытқан.Мен атамнан қаштым, Апамнан да қаштым,Ал сенен, қашу, қоян, Қиын емес маған – дейдіБалалар ендеше бауырсақты қояннан құтқарайық .Ол үшін мынадай математикалық жұмбақты шешін көрейікЖаңа ғана шалғында, 7 бұзау жүр еді,Әлде шаршап қалды ма? Жатып қапты біреуі.Нешеуі енді жайылып, Жүргенін айт айырып. 7 – 1 = 6

Алмабағыжайнаған. Қызылалмаайналам. Алдымүзіпбесеуін, Тағы даалдымекеуінАлдымсонданешеуін? 5+ 2 =7

Санын білмей сәбіздің Қоян әбден тосылдыКөмектесіп жіберші Құтқарып сен досыңдыОң қолында төрт сәбіз, Сол қолыңда үш сәбіз 4 + 3 =7

Айболда бес өрік , Нұрболда екі өрік.Барлығын қосқанда Болады неше өрік? 5 + 2 =7Қоян аң-таң болып жолда қалады.— Міне, балалар біз бауырсақты қояннан құтқардық. Қоянның тапсырмасыКел, ойнайық!Өрнектердің мәндерін өсу ретімен орналастырып, Қоянның жасырған сөзін тап:2+2-2= ж 1+3+2= т 4+0+3= і3+2+0= еБалалар қоянның бізден жасырған сөзі «жеті» екен.Балалар тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік?-7 саны 7 санына қатысты не білеміз? мүшелшелпек қарақшы

ата ғалам керемет— Балалар, мен бүгін сендерге 7 санының қасиетті, киелі сан екендігі туралы құпия сыр ашқым келіп отыр. Олар:7 ата –1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.7 қазына –1. Ержігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы (ит).7 күн –1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн 6. Соңғы күн. 7. Азына.7 қат көк –1. Ай. 2. Күн. 3. Шолпан. 4. Есекқырған (Меркурий). 5.Қызылжұлдыз (Марс). 6. Сатурн. 7. Мүштәри (Юпитер).Балалар ертегімізді ары қарай баяндайықЕртегіні төртінші оқушы жалғастырадыҚояннан құтылған бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келеді.— Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін- дейді— Жемеші мені, қасқыр. Мен саған өлең айтып берейін.Мен бауырсақ, бауырсақ, Қаптың түбін қағып ап,Апам екі уыс ұн жинап, Қаймақ қосып шылап,Ыстық майға қуырып, Терезеге қойып суытқан.Мен атамнан қаштым, Апамнан да қаштым,Қояннан да қаштым, Босқа тұрсам ұтылармын,Қасқыр, сенен де құтылармын.Балалар ендеше бауырсақты қасқырдан құтқарайық 4 )Дәптермен жұмыс7 санын жазу.2) №1 теңдіктер құрастыр және жазындар.6+*=7 5+*=7 +*=7*+6=7 *+5=7 *+4=*7-*=* 7-*=* 7-*=*7-*=* 7-*=* 7-*=*— Міне, балалар біз бауырсақты қасқырдан құтқардық. Бауырсақ болса қасқырды алдап, домалап кете барады.. Бауырсақтықасқырдан құтқарамыз деп шаршадық , сергіп алайықСергіту сәтіСәл дем алып, тыным ал, Тақпақ тыңдап , ұғып ал.Апта деген ағайдың 7 бірдей ұлы бар.Біріншісі-Дүйсенбі Екіншісі- СейсенбіҮшіншісі-Сәрсенбі Төртіншісі-БейсенбіБесіншісі-Жұма Алтыншысы-СенбіЖетіншісі-ЖексенбіҚасқыр аңтарылып артта қаладыҚасқырдың тапсырмасыЕсеп құрастырып ,салыстыр 5 >3 34Балалар ертегімізді ары қарай баяндайықЕртегіні бесінші оқушы жалғастырадыСол домалаған қалпы ол қорбаңаған аюға жетіп тіреледі.— Бауырсақ, бауырсақ, мені сені жеймін!- аюБауырсақ: — Тоқтап тұр, аю аға, одан да менің өлеңімді тыңда. Мен бауырсақ, бауырсақ, Қаптың түбін қағып ап,Апам екі уыс ұн жинап, Қаймақ қосып шылап,Ыстық майға қуырып, Терезеге қойып суытқан.Мен атамнан қаштым, Апамнан да қаштым,Қояннан да қаштым, Қасқырдан да қашты,Аюға келді кезек, Одан да қашу керек.Балалар ендеше бауырсақты аюдан құтқарайық Ол үшін «Санды тап » ойынын ойнайықОйын шарты: Мына сандарды табу керек .6 мен 8 арасындағы сан5 –тен 1–еуі артық 7 –ден 1-еуі кем7 мен 9-үйде көршілер тұрады , мен қай үйде тұрамынОқулықтағы 3 – тапсырма интерактивті тақтада орындалады.Балалар ертегімізді ары қарай баяндайықОсылайша, бауырсақ аюдан да құтылады. Аңқау аю ауызын ашып, қала береді.Ертегіні алтыншы оқушы жалғастырады— Алансыз домалап келе жатқан бауырсақ енді түлкіні кезіктіреді.Бауырсақты көріп, қуанып кеткен түлкі.— Амансың ба, бауырсақ! Өзің қызарып әдемі болып кетіпсің- дейдібауырсақ мақтаныштан әнін бастап жібереді:Мен бауырсақ, бауырсақ, Қаптың түбін қағып ап,Апам екі уыс ұн жинап, Қаймақ қосып шылап,Ыстық майға қуырып, Терезеге қойып суытқан.Мен атамнан қаштым, Апамнан да қаштым,Қояннан да қаштым, Қасқырдан да қашты,Аюдан да қаштым, Түлкі, қазір сененОңай қашып кетем.Балалар ендеше бауырсақты түлкіден құтқарайық Мына сандардың ішінен 7 санын тауып қоршап сызыңдарЖарайсыңдар , балалар! Бауырсақты құтқардықСабақты қорытындылауБіз қандай санның құрамымен таныстық? 7 санының құрамын ауызша сұрау.Сабақ ұнады ма?МадақтауРахмет Ұнадыңдар , балалар!Құштарсыңдар білімгеАяқтап мен сабақтыРахмет айтам сендергеЖасыл-сабақ қатты ұнады, бәрін түсіндім;Сары-ұнады,бірақ түсінбегендерім бар;Қызыл-ұнамады,түсінбедім.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.