Екі ай бұрын көз жұмған қыз дүниеге дені сау сәби әкелді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дәрігерлер миы өлген науқастың ағзасын ұзақ уақыт бойы тірі ұстап тұрды

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Португалиялық дәрігерлер 26 жастағы Катарина Секейраның өмірге сәби әкелуіне көмектескен. Сальвадор есімді ұлдың салмағы — 1,7 келі. Алайда Катаринаның өзі бұл қуанышты хабарды ести алмады. Өйткені ол осыдан екі ай бұрын көз жұмды, деп хабарлайды The Sun.

Жүктілігінің он тоғызыншы аптасында қызда аса ауыр демікпе ұстамы болған. Ол бірден ауруханаға жеткізіліпті. Алайда жағдайы нашарлап, комаға түскен. 26 желтоқсан күні жан тапсырды.

Дәрігерлер баланы дүниеге әкелу үшін қолдан келгеннің бәрін жасапты. Олар сәбидің анасын арнайы аппараттан айырмаған. Жүктіліктің отыз екінші аптасында жағдай ушығып, бала кесар жолымен дүниеге келді. Бірнеше сағаттан кейін Катарина медициналық құрылғыдан ажыратылды.

Тағы оқыңыз: Қырық жастағы әйел 44-ші баласын дүниеге әкелді 

Сальвадор есімді бала өлген анадан туған әлемдегі жалғыз нәресте. Баланың қасында әкесі болады. Дәрігерлердің айтуынша, жатырда өзгеше жатқандықтан, сәбидің денсаулығы әлі де қарауды қажет етеді. Алайда күні жетпей туған сәби үшін оның жағдайы қалыпты.



sputniknews.kz