Аманжол Зағыпарұлы | өмірбаяны

0

Аманжол Зағыпарұлы 1985 жылы дүниеге келген.  Мағжан
Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетін бітірген. Қазіргі тандағы Қызылжарда мектепте әдебиет
пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Ақындық жолдағы алғашқы ұстазы ақын Сұраған
Рахметұлы.  Өлеңдері «Қызырлы
Қызылжар»,  «Көкшетау жас ақындар
антологиясы», «Самұрық-2013: ең үздік шығармалар жинағы», «Үкілі үміт»
жинақтары мен республикалық «Мағжан» журналына және тағы да басқа
республикалық, облыстық газеттерге жарияланған.