«Екеуі – бір үйдің баласы»: Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты туралы жаңа дерек шықты

0

Ақтөбе облыстық Білім басқармасы мәліметінше, қаза тапқандардың арасында 4 оқушы болған.

Massaget.kz мәліметінше, Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар арасында оқушылар да бар. Бұл туралы өңірдің Білім басқармасы өкілдері айтты. Ақтөбе облыстық Білім басқармасы мәліметінше, қаза тапқандардың арасында 4 оқушы болған.

«Жол апатына ұшыраған азаматтардың, балалардың қазасына көңіл айтамыз, қайғысына ортақпыз. Қаза тапқандардың арасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Денсаулығына, отбасылық себептерге байланысты жеке сапарға шыққан», – деп жауап берді ведомство өкілдері Massaget.kz-ке.

Білім басқармасы мәліметіне сүйенсек, көз жұмған 4 баланың екеуі – бір үйдің балалары. Олар 4 және 6-сынып оқушылары болған. Ал қалған екі оқушының бірі 6-сыныпта оқыса, біреуі даярлық тобына барып жүрген. Құзырлы орган қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 8 адам қаза тапқаны хабарланды. Ақтөбе-Астрахань тасжолында екі жеңіл автокөлік соқтығысқан.

«Тергеу аясында жол апатының себептерін және қаза тапқандардың жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

фото: otyrar.kz