«Стилист емес, «сварщик» тіккен»: Ерке Есмаханның мюзикл-шоуға киген көйлегі сынға ұшырады (фото)

0

Баян Мақсатқызының ұйымластыруымен өткен шоу-мюзиклде Ерке Есмаханда бой көрсетті. Алайда әншінің образы, дәлірек көйлегі көпшілікке ұнамаса керек.  

Оны оқырмандардың “Стилистерді түсінбей кететін шығармыз?!”, “Еркенің әні әдемі, бірақ көйлегі онша емес”, “Көйлек сыртындағы тор сымдар не үшін екен?!”, “Біз концертте болдық, әнші қыздар өте керемет көйлектер киіпті”, “Жанды дауыстағы әнінен ештеңе таппағасын, халық киімге тиісіп жатыр”, “Стилист емес, “сварщик” тіккен сияқты”, — дейтін пікірлерінен аңғаруға болады. Ал Ерке Есмаханның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында:

“Декрет демалысында 3 ай отырып, сахнаға оралдым. Қатты қобалжып тұрмын. “Айша бибі” әнін орындаймын. Менің өнер жолымның басталуына, үлкен сахнаға шығуыма, жеке әнші боп қалыптасуыма себепші болған жетекшім, продюсерім Баян Мақсатқызының шоуы. Мен сияқты қыздардың жұлдызын жаққан сәттерді еске түсіріп, өзінің өнердегі карьерасын шоу етіп көрсетті. Баян Мақсатқызы, сізге ұзақ өмір, денсаулық, осындай үлкен сәтті жобалар тілеймін!”, – деп жазды.

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/