Егіздің анасы үшем туды: әрқайсына мың доллардан жәрдемақы төленеді
Моңғолияның Ховд қаласындағы перзентханада 30 жастағы Б.Оюунгэрэл егіз ұл мен қыздан кейін үшем туды.
Бірінші ұлын 09:09, екіншісін — 09:11, ал үшінші қыз баланы сағат 09:13 кезінде босанды.
Моңғолияның денсаулық сақтауды дамыту орталығы өткен жылдарға қарағанда егіздердің дүниеге келуі көбейгенін айтады.
Әлеуметтік қорғау заңына сәйкес, үшемнің әрқайсысына 3 млн тугриктан (шамамен $1053) төленеді. Бұл төлем олар үш жасқа толғанша беріледі.
Сондай-ақ, үш жасқа толған соң, анасы жұмыс істемейтін болса, ай сайын 50 мың тугрик көлемінде жәрдемақы алып отыра алады.