Егер маған импичмент жариялайтын болса, халық көтеріліске шығады


АҚШ президенті Дональд Трамп: «Егер маған импичмент жариялайтын болса, халық көтеріліске шығады» — деп мәлімдеді.
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, желтоқсан айының 12-і күні Дональд Трамп өзінің жүргізіп отырған саясаты мен президентке қойылатын импичментке қатысты пікір білдірген.
«Дұрыс емес дүние жасамай-ақ әлемдегі ең ұлы экономиканы қалпына келтіріп жатқан саясаткерді орнынан алып тастау оңай емес. Мен бұл жөнінде алаңдамаймын да. Егер сондай жағдай болатын болса, халық көтеріліске шығады» — деп мәлімдеді Трамп.
Бұған дейін БАҚ беттерінде «Егер Демократтар Конгресті өз бақылауына алатын болса, Трампқа импичмент жариялауы мүмкін. Тармп импичменттен қорқады» — деген ақпарат тараған. Кейіннен Трамптың заңгерлермен импичмент мәселесіне қатысты кездесулер өткізгендігі жөнінде айтылған.