Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» аясында бірқатар жобаны іске қосты

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірінде бірқатар индустриялық, инфрақұрылымдық, аграрлық және цифрлық жобаны іске қосты.

«Цифрландыру мәселесіне Қазақстан жақында ғана кірісті. Бұл мәселемен дүние жүзінің барлығы айналысады. Бұл болашақ. Біз цифрландыру арқылы Қазақстан экономикасының өнімділігін 2,5 есеге арттырайын деп отырмыз. Барлық салада. Бізге артта қалмау керек. Сондықтан технологияларды енгізу керек. Жұмыс істейік», — деді Назарбаев ЭКСПО Конгресс орталығында.

Телекөпір барысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың арқасында Шығыс Қазақстан облысының Озерка ауылы мен Жамбыл облысына қарасты Өрнек ауылының тұрғындары кең жолақты интернетке қол жеткізгені айтылды.

Бұған қоса, Елбасы цифрландыру аясында Екібастұзда Орталық Азиядағы ең ірі дата-орталықты, Қостанайда еліміздегі ең цифрлы диірмен кешені — «Бест Костанай» ЖШС-ін іске қосты. Сонымен бірге, Астанада модем, коммутатор және автоматты цифрлы телефон станциясын өндіретін «DigitalSystemServis» ЖШС зауытын іске қосты. Және де, Алматыда прибор жасау және радиоэлектроника инновациялық «Kaz Tech Innovations» ЖШС зауытының жұмысын бастады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жүк әуе тасымалы саласында e-Freight және «Қазпошта» компаниясының «фулфилмент-орталық» қағазсыз құжат айналым ақпараттық жүйесін, «ҚазТрансОйлдың» мұнай тасымалдауды басқару digital-жүйесін іске қосты.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ